наверх

Білім туралы құжаттарды ХҚКО-ларда апостильдеуге болады

29.01.2016
Білім туралы құжаттарға Халыққа қызмет көрсету орталықтары және электрондық үкімет порталы арқылы апостиль қоюға болады.
Білім туралы құжаттарды ХҚКО-ларда апостильдеуге болады
Фото: РГП «ЦОН»

Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" деп аталады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындысын Астана тұрғындары 5 жұмыс күнінен кейін ала алады, ал басқа өңірлердің тұрғындары үшін бұл мерзім күнтізбелік 30 күнді құрайды. Қабылдау күні қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Білім туралы құжаттарды апостильдеу ақылы – 0,5 АЕК. Оған ақы төлеуді екінші деңгейлі банктер және Казпочта кассасы арқылы жүргізуге болады. Өтінішті портал арқылы ресімдеу кезінде ақы төлеу электрондық үкімет шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш беру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат; апостильдеу үшін ұсынылатын құжаттың түпнұсқасы және мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек болуы керек.

Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда қызметті ұсынудан бас тартылуы мүмкін.

«ХҚКО» РМК, uralsk.info


Главные новости uralsk.info
Только самые важные события. Подпишитесь на ежедневную рассылку.

Укажите адрес электронной почты

Подписаться
0 комментариев
Показать все комментарии (еще -2)