наверх

Оралда көлігімен 3 адамды қағып кеткен аудан әкімінің орынбасары жазадан құтылып кетті

16.04.2014
Үш адамды жеке көлігімен қағып кеткен Батыс Қазақстан облысының экс-шенеунігі ақыры қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды.
Оралда көлігімен 3 адамды қағып кеткен аудан әкімінің орынбасары жазадан құтылып кетті
Фото: www.pro-goroda.ru

Еске салайық, Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданы әкімінің орынбасары қызметіндегі Абзал Бралиев сәуірдің 6-сы күні жол апатына тап болған болатын. Ол сол күні кешкісін үш жүргіншіні қағып өтіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Артынша жол сақшылары оны қолға түсіріп, ащы су ішкен-ішпегенін тексерген.

Жол сақшыларының дерегіне сенсек, Абзал Бралиев жол ережесін бұзған сәтте көлікті мас күйде басқарған.

Бүгін белгілі болғандай, жапа шеккен азаматтар шенеунікке кешірім жасапты. Демек, Абзал Бралиев қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды.

Айта кетелік, осы оқиғадан кейін, 8-сәуір күні аудан әкімінің орынбасары Абзал Бралиев өз еркімен қызметінен кеткен.

Динара Әбділхалықова, БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:

Жәбірленуші жақтың ешқандай талабы болмағандықтан, Абзал Бралиевтің үстінен Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалады. Енді ол жүргізушілік куәлігінен айрылады. Бралиев көлікті мас күйінде жүргізіп, оқиға орнын тастап кеткені үшін айыпталып отыр.

Источник


Главные новости uralsk.info
Только самые важные события. Подпишитесь на ежедневную рассылку.

Укажите адрес электронной почты

Подписаться
0 комментариев
Показать все комментарии (еще -2)