наверх

Алаяқ әжейді алдады

26.09.2014
Егде жастағы әжей С.Тюленин көшесіндегі «Караван» базарынан өзіне қажетті екі сөмке толы азық-түліктерді сатып алып, үйіне қарай беттеп келе жатқан-ды.
Алаяқ әжейді алдады
Фото: 1-metr.com

Күндізгі сағат үштер шамасы болса керек. Бұл әжейді жол үстінен күрең қою түсті машина тоқтатып, сөзге тартады. Кавказ нәсілді азамат «әжей сіз осы қаланың тұрғылықты азаматы боларсыз, сізден бір нәрселер сұрасам болады ма, мен Ресей Федерациясынан келдім, бұл қалаға бірінші рет аяқ басуым, ешкімді танымаймын, баратын жерім жоқ, қарным да ашты» деп ыңылдап әжейге жалбарына тіл қатады. Одан әрмен бірнеше су жаңа коробкалар толы ыдыстары салынған үлкен жүк көлігінің кеден бекетінде тұрғанын айтып сендіреді. Кеден бекетінде құжаттарды тексеруге де бірнеше уақыт қажеттігін қайталап, әжейдің үйіне тоқтауға қолқа салады. Сонымен қатар, ыдыстар салынған екі коробканы әжейдің үйіне тастауға бел шешеді. Әжейді аяған сыңай танытып қамқорлаған ниетпен көлікке отырғызып алады.

Бейқам егде жастағы әжей көліктің артқы жағына жайғасады. Сол себепті рульдегі отырған азаматтың бет бейнесін толықтай жаттап алмайды. Үйге де келеді. Екі коробка ыдыстарын әжейдің пәтеріне дейін көтеріп кіргізеді. Бұдан әрмен кеден бекетінде тұрғын жүк көлігінде 1 миллион теңгеге бағаланатын ыдыстар барын айтып тағы сендіреді. Әжейдің қойны-қонышына кіргені сондай 1931-жылы туылған бұл азаматшаның басын қатырады. Тіпті сіз зейнеткер боларсыз, кәміл зейнетақыңызды халық банкінен алып жүрген шығарсыз, есеп шоттарыңызды айтыңыз, сізге екі-үш күннен соң есеп шотыңызға 4 мың евро ақша түседі, деп сеніміне ойдай кіреді. Ыдыстарын тастауға бел шешіп, бір күннен соң аяқтай келіп алып кететінін айтады. Есеп шотына көп көлемдегі қаражаттың түсетінін қайта-қайта әңгімелеп, қариядан қарызға ақша сұрайды. Бермейін десе де аяғына жығыла өтінеді. Барлық жиып-тергенінің банкіде сақтаулы тұрғанын айтқанмен, алаяқ жігіт жалбарынуын қоймайды. Сәлден соң жігітті аяған қария оның есіктің сыртында тұруын сұрайды. Пәтердің есігінің сыртында тұрған азамат «иә, иә, ақшаңыз шотқа түседі, қапаланбаңыз» деп қақылдайды. Осылайша қария бақандай 10 жыл бойы жиған-тергенін үстел үстіне жайып салады да, есіктің сыртында тұрған жаңағы жігіттің кіруін сұрайды. Осы сәтте үстел үсті толы бірнеше купюралардаң жатқанын көрген кавказ нәсілді жігіттің қол-аяғы дірілдейді. Сөйлей алмай тілі байланады. Қапелімде өлімші әжейде бұншама қаражат бар деп ойламаса керек. Сөйтіп, ақшаны жинап, қойнын толтырған жігіт пәтерден табанын жалтыратады. Әжей алаяққа 480 000 теңге мен 25 126 Ресей Федеарациясының рублін берген екен. Барлық шығын: шамамен 700 000 теңгені құрап отыр. «Қу кетті, іс бітті» деген осы шығар. Бір-екі күн күткен әжей алданғанын сезеді. Полицияға шағымданады. Жедел тергеу тобы алаяқтың су жаңа ыдыстар толы коробкасын тәркілеп әкелді. Орал қаласы, У.Громова көшесі, №11/1 үй, №39-пәтер тұрғыны, 1931-жылы туылған зейнеткер В. есімді қария осылайша алаяқтың кезекті құрбаны болып отыр. Зардап шегушінің айтуынша, белгісіз тұлғаға сипаттама жасағанда кавказ нәсілді, 45-50 жас аралығындағы, бойы 170-175 сантиметр, тығыз денелі, дөңгелек жүзді деп сипаталады. Үстіне қара түсті костюмь киген, қара көліккке отырғаны белгілі болды.
Қазіргі күні Орал қ.ІІБ тергеу бөлімшесі осы алаяқтық фактісіне қатысты ҚР ҚК-нің 177-бабымен қылмыстық іс қозғады. Тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бері алаяқтық фактілеріне қатысты 684 қылмыстық іс тіркеліп, соның 204-і аяқталып сотқа жолданды. Ал, телефон алаяқтарына қатысты 93 қылмыстық оқиға тіркелді.

Источник


Главные новости uralsk.info
Только самые важные события. Подпишитесь на ежедневную рассылку.

Укажите адрес электронной почты

Подписаться
0 комментариев
Показать все комментарии (еще -2)