наверх

Оралда өзен жағасынан табылған мәйіт

23.09.2014
Оралда өзен жағасынан табылған мәйіт, осыдан бір жарым ай бұрын жоғалған Айдана Досқалиеваға тиесілі болып шықты
Оралда өзен жағасынан табылған мәйіт
Фото: nur.kz

Батыс-Қазақстан облысында өзен жағасынан табылған мәйіт, 13-тамыздан бері іздеуде болған Айдана Досқалиеваға тиелісі болып шықты. 25 жастағы тұрғыны Айдана Досқалиева Орал қаласынан өз үйіне келе жатқан кезде жоғалып кеткен еді. Ал кеше өзен жағасынан белгісіз бір қыздың денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз. Жоғалған қыздың әкесі мәйітті танып отыр. Ол өз қызын киімінен танығанын айтты. «Жоғалып кеткен күні қызым осы киімде болатын», - деді Тілеген Досқалиев. Бұл туралы uralskweek.kz жазды.

Әзірге бойжеткеннің қандай жағдайда ажал құшқаны беймәлім. Белгілісі, мәйіт ұзақ уақыт бойы суда жатқан.

Айта өтейік, оны соңғы рет куәгерлер ақ түсті «Жигули» көлігінде екі ер адаммен отырғанын көрген. Содан кейін хабар-ошарсыз кеткен. Оны 300-ге жуық полицей осы күнге дейін іздеп таба алмаған болатын.

Илхам ИБРАГИМ

Источник 


Главные новости uralsk.info
Только самые важные события. Подпишитесь на ежедневную рассылку.

Укажите адрес электронной почты

Подписаться
0 комментариев
Показать все комментарии (еще -2)