наверх

БҚО тұрғыны ішімдік әкелуден бас тартқан бөтелкелесін ұрып өлтірді

16.07.2014
Оралда Бөрлі аудандық соты В. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қарады. Күдікті 6,6 жылға бас бостандығын айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге сотталды.
БҚО тұрғыны ішімдік әкелуден бас тартқан бөтелкелесін ұрып өлтірді

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қылмыстық іс материалдарына сәйкес, биылғы 9 маусымда Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында төрт жас адам арақ ішкен.

Ащы суға масайған В. қасында отырған Д-ны ішімдікке жұмсаған. Алайда, соңғысы барудан бас тартқан. Сол кезде В. үстел басынан тұрып, Д-ға жақындап келіп, оның басынан екі рет ұрған.

Сыртқа қашып шыққан оның соңынан тұра ұмтылып, аула ішінде басына тағы да төрт рет қатты соққы келтірген. Кейін Д. ауладан секіріп өтіп, үйіне қарай жүгіре жөнелген. Бірақ көп кешікпей алған жарақаттың салдарынан құлап, сол жерде көз жұмған.

Источник


Главные новости uralsk.info
Только самые важные события. Подпишитесь на ежедневную рассылку.

Укажите адрес электронной почты

Подписаться
0 комментариев
Показать все комментарии (еще -2)