наверх

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері сенбілік өткізді

03.05.2016
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы қызметкерлері сенбілікке шықты.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері сенбілік өткізді

Облысты тазарту мен көгалдандыруға мемлекеттік корпорацияның 430 қызметкері қатысты.
«Біз жаңа құрамда жалпы қалалық сенбілікке алғаш рет қатысып отырмыз, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Марат Бассаров. – Бүгін біз облыстық орталықтардың аумақтарын тазартуға және ағаштар отырғызуға қатысып қана қоймай, сондай-ақ бұрын жеке-жеке жұмыс жасаған төрт ұйымның ұжымын біріктірдік».

Сенбілік барысында мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көшелерді, туған қаласы мен аудандарының бақтары мен саяжайларын тазартып, 400 көшет отырғызды, қоршау мен бордюрлерді ақтады. Бүгін барлығы да: инспекторлар, заңгерлер, экономистер және департаменттердің директорлары тең деңгейде жұмыс жасады. Өз қаласының, ауылының таза болуына әрқайсысы да үлес қосқысы келді.
«Бүгін Мемлекеттік корпорацияның ауқымын алғаш рет сезіндім», - деді «Жылжымайтын мүлік орталығы» департаментінің мұрағат бөлімінің басшысы Айгүл Аминова, – Әрине, мен біріккеннен кейін штат қызметкерлерінің саны көбейіп, 700 астам адам болғанын естідім, алайда дәл осылай болады деп күтпеген едім. Бүгін алдағы болашақта орасан зор жұмыс атқарғалы тұрған өзіміздің жаңа әріптестерімізбен бетпе-бет танысу мүмкіндігі болды».

«Жер кадастры ғылыми-өндірістік-орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ларды қайта ұйымдастыру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуірде өз қызметін бастап кеткендігін еске саламыз.

Мемлекеттік корпорацияны құруға барлық бизнес-процестерді оңтайландарып, автоматтандыру негіз болды, яғни: қызмет көрсету уақытын қысқарту және құжаттар тізімін азайту. Алғашқыда «Азаматтарға арналған үкімет» 522 қызмет көрсетсе, келесі этапта 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетпек.
 

Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
филиалы – «Халыққа қызмет көрсету
орталығы» департаментінің
Баспасөз қызметі
 


Главные новости uralsk.info
Только самые важные события. Подпишитесь на ежедневную рассылку.

Укажите адрес электронной почты

Подписаться
0 комментариев
Показать все комментарии (еще -2)