наверх

Оралда тағы бір шендіге қатысты атышулы сот процесі басталды

18.04.2014
"ЖайықЖылуЭнерго" компаниясының бұрынғы директоры Ринат Нұрышов бірнеше бап бойынша айыпталуда деп хабарлайды КТК арнасы.
Оралда тағы бір шендіге қатысты атышулы сот процесі басталды
Фото: www.time.kz

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, лауазымын асыра пайдаланған экс-шенеунік мемлекеттің ақшасын миллондап ұрлап, ұйымдасқан қылмыстық топты басқарған.
Қаланың жылу жүйесіне жөндеу жүргізбек болған басшы жаңа құбырларды жеткізу үшін жеке компанияға ақша аударып отырыпты.
Бірақ, тапсырыс тек қағаз жүзінде орындалған. Ал, қазына қаржысын өзара бөлісіп, қалталарына басады. Қалалық мәслихатта депутат болған шенді жымысқы әрекетін екі жыл бойы жалғастырып келген.
Сол уақыт ішінде 120 миллион теңгеден артық ақшаны қалтасына басып үлгеріпті. Айта кетсек, Нұрышевтың қолына өткен жылдың қарашасында кісен салынған болатын.
Экс-шенеуніктің кінәсі дәлеледенсе, 13 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Источник: КТК арнасы


Главные новости uralsk.info
Только самые важные события. Подпишитесь на ежедневную рассылку.

Укажите адрес электронной почты

Подписаться
0 комментариев
Показать все комментарии (еще -2)