наверх

Тұрсынбек Қабатов БҚО-ның құрметті азаматы атанды

10.12.2014
Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Қазталов аудандық мәслихатының сессиясында өңірдің экономикасы мен әлеуметтік дамуына және мәдениетіне үлес қосқан бір топ адамға "Қазталов ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім қабылданды.
Тұрсынбек Қабатов БҚО-ның құрметті азаматы атанды

Құрметті азамат атанғандар қатарында танымал актер Тұрсынбек Қабатов бар деп, хабарлайды Қазақпарат.
Қазталов топырағында өмір есігін ашқан Қабатов өнер аспанында жарқырай біліп, кезінде республикалық "Тазша бала", халықаралық "Шабыт" фестивалінің жеңімпазы атанды, "Астана kz" командасының белді ойыншыларының бірі ретінде көпшілікке танылды.

Қазір "Базар жоқ" театрының жетекшісі. Ол туған жеріне де жиі келіп, ауылдастарының қуаныш-қызығын бөлісіп тұрады.

Құрметті атақты сондай-ақ белгілі театр және кино әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сердеш Қажымұратов, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегерлері, әнші-сазгер Баян Қабиева мен журналист, "Егемен Қазақстан" газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі Темір Құсайын, республикаға танымал айтыскер ақын, ұстаз Дариға Мұштанова иеленді.

Источник


Главные новости uralsk.info
Только самые важные события. Подпишитесь на ежедневную рассылку.

Укажите адрес электронной почты

Подписаться
0 комментариев
Показать все комментарии (еще -2)