наверх

БҚО мектебінің 20 оқушысы мен 3 мұғалімі белгісіз газдан уланып, ауруханаға жеткізілген

29.11.2014
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданындағы Березовка орта мектебінің 20 оқушысы мен 3 мұғалімі белгісіз газдан уланып, бүгін аяқасты ауруханаға жеткізілген.
БҚО мектебінің 20 оқушысы мен 3 мұғалімі белгісіз газдан уланып, ауруханаға жеткізілген
Фото: astanatv.kz

Халі нашарлаған олар кенеттен басы айналып, аяқ-қолдың ұйығанын айтқан. 10 мен 15 жас аралығындағы балалардың және мұғалімдердің уланғанын облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады. Дәрігерлер, оқушылар мен оқытушылардың жағдайы қазір қалыпты екендігін, айтады.

Дегенмен ауданда экологтар, дәрігерлер мен құзырлы органдардың өкілдерінен шұғыл штаб құрылды. Әзірге адамдардың неден уланғаны белгісіз. Мектеп ұжымы науқастар арасында сабақ кезінде есінен танып қалғандары да болғанын айтқан. Ал мамандар ауылдағы ауаны тексерген кезде ешқандай ауытқушылықтар байқалмағанын айтып отыр.

Нұржамал Жұмағұлова, БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Осы балалардың жағдайын анықтауға облыс педиатры, бас невропатолог, токсиколог, психолог мамандар барып, жаңағы балалардың жағдайын тексеріп жатыр. Ешқандай бала ауруханаға жатқызылған жоқ. Балалар Бөрлі аудандық ауруханасының қабылдау бөлімінде тексерілуде. Олар қазір бәрі үйге сұранып, кеткілері келіп отыр.

Арнайы құрылған комиссияның алғашқы болжамы - мектеп оқушылары мен мұғалімдері белгісіз газдан уланған. Айта кетелік, Березовка ауылы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенішінің маңында орналасқан.

Источник

Видео astanatv.kz

Главные новости uralsk.info
Только самые важные события. Подпишитесь на ежедневную рассылку.

Укажите адрес электронной почты

Подписаться
0 комментариев
Показать все комментарии (еще -2)