наверх

Оралдағы жанар-жағар май құю бекеттерінде ұзақ кезектер

29.08.2014
Оралдағы жанар-жағар май құю бекеттері ұзын-сонар кезектен арылар емес.
Оралдағы жанар-жағар май құю бекеттерінде ұзақ кезектер
Фото: astanatv.kz

Қаладағы ірілі-ұсақты барлық жанармай бекеттеріндегі жағдай - осы. Сұранысқа ие бензиннің АИ-92, тіпті АИ-95 маркалары көпшілігінде талонмен ғана сатылады. Кейбірінде әр көлікке 20 литрден шектеу қойылған. Жүргізушілердің айтуынша, оның өзіне кезекке тұру қажет.

Көшкінбай Еркінәлиев:

Қымбат еткісі келсе, неге сразу қымбаттатып жібермейді, осындай головоломка жасағанша. Бензин түс қайта болады дейді, енді пенсиядағы кісіміз, күтеміз. Анда-мұнда скакать етуге резон жоқ. Бір жерге тұрып қаламыз.

Ертай Қалиев:

Мына Ресейден келген бір қонақтар бар еді, олар кете алмай, кешеден бері қарап жүр. Кезек барлық жерде, бітіп қалады.

Ал облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері бензин дағдарысы, қайырсыз "қонақтардың" кесірінен болып жатыр дейді. Өйткені Ресейдің бес бірдей облысымен шектесетін Батыс Қазақстан аумағынан транзиттік көліктер көптеп өтеді, әрі осында қонаққа келген ресейлік жүргізушілер де арзан жанармайдың қызығын көруде.

Бұған тосқауыл қою мақсатында енді жанармай құю бекеттерінің бас кеңселерінде талондар жеке басын куәландыратын құжатпен ғана беріледі. Осылайша, Ресейден келген көліктер мен транзиттік көліктердің көптеп жанармай құйып алуына жол берілмеу көзделіп отыр.

Қансұлу Өтепқалиева, БҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы:

Қазір жағдайды күн сайын тексеріп, қадағалап отырмыз. Қаладағы жанармай құю стансаларында жанармай еш кедергісіз сатылуда. Тек сырттан келген көліктердің кесірінен тапшылық болып жатыр. Қазіргі күні қаладағы қолда бар бензин қоры 1041 тонна. Ал қала тұрғындарының күнделікті қажеттілігі тәулігіне 250-300 тоннадан аспайды.

Источник


Главные новости uralsk.info
Только самые важные события. Подпишитесь на ежедневную рассылку.

Укажите адрес электронной почты

Подписаться
0 комментариев
Показать все комментарии (еще -2)