наверх

Орал археологтары ерте дәуірде жерленген "Алтын әйелді" тапты

17.08.2014
Орал археологтары Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы жерінен 2012 жылы "Алтын әйелдің" қаңқасын тапқан болатын. Бұл туралы egemen.kz жазады.
Орал археологтары ерте дәуірде жерленген "Алтын әйелді" тапты
Фото: egemen.kz

Жерлеу жүргізілген кешенді археологтар "Тақсай-1" деп атап отыр. Қорғанның атауы осы маңдағы Тақсай стансасынан шығып отыр.

Зерттеушілер бұл көне қорымды сармат кезеңіне жатқызады. Қорғаннан биіктігі бір метрден асып кететін 80 алтын әшекей табылған. Мұндағы ерекше бұйымға бұрын кезікпеген алтын тарақ жатады. Тарақтың бетінде сол замандағы сақтар мен парсылар арасындағы шайқастың көрінісі бейнеленген.

"Алтын әйелді" жерлеу дәстүрі зороастризм дәуіріне жатса керек. Өкінішке орай, әзірге сүйектері нашар сақталғандықтан, әйелдің жас шамасын анықтаудың мүмкіндігі туған жоқ. Бұдан бөлек, онымен бірге екі күзетші әйел жерленіпті. Лабораториялық зерттеулердің нәтижесінде қорымның біздің дәуірімізге дейінгі 4-5 ғасырларға жататыны анықталды", - деді Мұрат Сыдықов.

Қорымнан аттың ауыздығы, тұрмыстық заттар, сондай-ақ әшекейлер табылған. Шамасы, бұлардың бәрі жерленген әйелге ана дүниеде керек болады деген ұғыммен қойылған.

"Алтын әйелдің" киім-кешегін белгілі реставратор Қырым Алтынбеков қалпына келтірген.

"Қорымның байлығы жерленген әйелдің сол кездегі қоғамда беделін анық байқатады. Тақсайдың жанында тағы екі қорған бар. Оларды қазуды біз келер жылы жүргіземіз. Бір жақсысы, бұл қорғандарға бұған дейін ешкім тиіспеген екен, ешкімнің тонауына ұшырамаған", - деді Мұрат Сыдықов.

Әзірге "Алтын әйелдің" өзі ешкімге көрсетілген жоқ. Оның тұсаукесері алдағы қыркүйек айында өтеді.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 1966 археологиялық нысан бар. Мұндағы бір нысанның өзінде елуге дейін қорым бар.

Источник


Главные новости uralsk.info
Только самые важные события. Подпишитесь на ежедневную рассылку.

Укажите адрес электронной почты

Подписаться
0 комментариев
Показать все комментарии (еще -2)