наверх

БҚО-да балалар ауыл әкімінің кабинетінде білім алатын болды

15.08.2014
Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданындағы Мичурин орта мектебінің оқушылары жаңа оқу жылынан бастап, ауыл әкімінің кабинетінде білім алатын болды.
БҚО-да балалар ауыл әкімінің кабинетінде білім алатын болды
Фото: yk-news.kz

Бұған 40 жыл бойы жібі түзу жөндеу көрмеген ауыл мектебінің оқу жылына жарамсыздығы себеп болыпты. Қазір әбден тозығы жеткен мектепті күрделі жөндеуге бюджеттен 249 миллион теңге бөлінген. Бірақ жаңа оқу жылына екі апта қалса да, жөндеу жұмыстарын кімнің жүргізетіні әлі анықталмаған.

Енді білім басқармасындағылар оқушыларды түрлі топқа бөліп, көрші ауылдағы мектептер мен ауыл әкімдігінде оқытпақ. Ал ауыл әкімі оқушыларға өзінің жұмыс кабинетін де ұсынған

Мичурин орта мектебінің директоры Алмагүл Кенжебаева: "Бір жұма оқимыз біздер. Сосын мектептің тақталарын, парталарын апарып, орналасамыз. Мичурин ауылдық акиматында 10 кабинет бөлініп отыр. Ол 1 және 2-аусымда оқытылатын болады. Ауылдың мәдениет үйі де екі аусымға беріліп отыр. Онда біздер нулевой және 2, 3-кластарды орналастыратын боламыз", - деді.

Бұл аздай, облыстағы тағы бір мектептің оқушылары да тентіреп кетудің аз-ақ алдында тұр.
БҚО білім басқармасының бөлім басшысы Виктория Зиненконың айтуынша, Деркөл ауылындағы мектепті жөндеуге бөлінген қаражат есеп-шотқа енді ғана аударылды.

"Бірақ мектепте сабақ тоқтамайды. Бұл ауылдағы оқушыларды да қалаға апарып оқытамыз. Кейін жөндеу аяқталғасын, олар сабағын өз мектебінде қайта жалғастырады", - деген жұбату айтты ол.

Источник


Главные новости uralsk.info
Только самые важные события. Подпишитесь на ежедневную рассылку.

Укажите адрес электронной почты

Подписаться
0 комментариев
Показать все комментарии (еще -2)