наверх

Оралда туыстарымен көріскісі келген әкесі қызын көшеде тастап кеткен

20.07.2014
Оралда көшеден үш жасар бүлдіршін табылды деп хабарлайды КТК арнасы. Оны облыс орталығына туыстарымен көріскісі келген әкесі ертіп әкеліпті.
Оралда туыстарымен көріскісі келген әкесі қызын көшеде тастап кеткен

Енді қызымен аман-есен қауышқан анасы қазір Әйгерімді алып кету үшін құжаттарын реттеп жатыр. Бұл отбасы Оралдан 70 шақырым жердегі Феодоровка ауылында тұрады екен.

Бүлдіршінді облыс орталығына туыстарымен көріскісі келген әкесі ертіп әкеліпті. Бес күн бұрын ол әйеліне қоңырау шалып, қызынан көз жазып қалғанан хабарлаған.

Кейін телефонын өшіріп, өзі де ұшты-күйлі жоғалыпты. Қызына таныстары арқылы іздеу салған шешесі болған жәйтті полицияға айтпай, теледидардан оны кездейсоқ көріп қалған.

Айтуынша, әкесі Әйгерімді алып кеткенде өзі үйде болмапты. Әйтпесе, жібермес едім дейді. Ал күйеуі араққа салынған екен.

"Енді бүгін алып кетем. Енді ешкімге, жолдасыма ешқашан бермеймін", - деп отыр Әйгерімнің анасы Ғалия Танташева.

Источник


Главные новости uralsk.info
Только самые важные события. Подпишитесь на ежедневную рассылку.

Укажите адрес электронной почты

Подписаться
0 комментариев
Показать все комментарии (еще -2)