наверх

БҚО-да ЖШС директоры мұнай қалдықтарын төккені үшін жауапқа тартылды

10.04.2014
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Мұнайавтотранс" ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс қозғады.
БҚО-да ЖШС директоры мұнай қалдықтарын төккені үшін жауапқа тартылды

ЖШС директоры мұнай қалдықтарын заңсыз төккені үшін айыпталды, деп хабарлайды BNews.kz БҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қылмыстық іс ҚР ҚК 278 бабы бойынша қозғалды. Бұл бап химиялық және улы заттарды өндіру мен пайдалану кезінде қойылатын экологиялық талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті қарастырады.
Тергеу барысында "Мұнайавтотранс" ЖШС директоры Мұқановтың 2010-2011 жылдары БҚО Зеленов ауданы Рубежин және Дарья ауылдарының маңына 946 текше метр бұрғылау шламын төккені анықталды.
Негізінде шлам арнайы полигондарға төгілуі тиіс. Бұндай полигондар Ақтөбе және Атырау облыстарында орналасқан. Мұқанов осы арқылы 135 млн теңге пайда көріп, қоршаған ортаға 912 млн теңге сомасына залал келтірді. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Источник: BNews
 


Главные новости uralsk.info
Только самые важные события. Подпишитесь на ежедневную рассылку.

Укажите адрес электронной почты

Подписаться
0 комментариев
Показать все комментарии (еще -2)