наверх

Оралда балалар жанармай бекетінің құрылысына қарсы наразылыққа шықты

14.06.2014
Оралда балалар наразылыққа шығып,үйдің қасына салынып жатқан жанар-жағармай құю бекетінің алынып тасталуын талап еткен.
Оралда балалар жанармай бекетінің құрылысына қарсы наразылыққа шықты

Енді сол балалардың ата-аналары құзырлы орган қызметкерлерінің алдында жауап бермек.

Қолдарына қарсылықтарын білдіріп, плакаттар ұстаған ереуіл балалардың ермегі емес. Үйлерінің жанына салынбақ жанар-жағармай құю бекетінің құрылысына қарсылық.

Қаңылтыр қақпамен қоршалған телімге жиналған жұрт, бұл жоба туралы тірі жан келіп, құлағдар еткен жоқ дейді. Оның үстіне, балалар мен аналар, тұрғын үйлердің маңынан жанармай құю бекетінің салынуы мүлдем заңға қайшы дейді.

"Біз бұл жерде бекет салынатынын білген жоқпыз. Біз осы жерге қожалық ететін адаммен кездескіміз келеді. Бірақ оның не аты-жөнін білмейміз. Бізге ешкім айтқысы келмейді. Тіпті мына жерде жаңадан салынбақ құрылыстың да талаптары орындалмаған. Не салынып жатқаны, кім жауапты екендігі туралы ақпарат ілінбеген. Бұл нысанның құрылысы жөнінде кездейсоқ естіп қалдық", - дейді қала тұрғыны Нұргүл.

Бұл аздай, қабырғасы қаланбаған құрылыс кесірінен тұрғын үйге апаратын жолдардың бірі толықтай жабылып қалған. Тұрғындардың айтуынша, енді апатты жағдайдан алып шығатын жол жоқ.

"Енді балаларымызды қалай аулаға шығарамыз? Қаптаған көліктер мен газ қауіпті ғой", - дейді аула тұрғыны Марина. 

Тұрғындар бірнеше мемлекеттік органдарға хат жазған. Айтуларынша, шенеуніктер мәселені жақсы біледі. Бірақ барлығы құрылыстың заң тұрғысынан салынып жатқанын айтыпты.

Аналар төтенше жағдай бола қалса, не жедел жәрдем көлігі не өрт сөндіру машиналары үйге жақындай алмай қалады деп қорқады.

Бір қызығы дау туындатқан жанар-жағармай бекетінің қарсы бетінде тағы бір станция бар. Ал біз мәселені білмек болып барған құзырлы органдар тексерудің жүргізіліп жатқанын айтып, нақты жауаптан жалтарды.

Оралда балалар жанармай бекетінің құрылысына қарсы наразылыққа шықты 3 фотографии

Источник


Главные новости uralsk.info
Только самые важные события. Подпишитесь на ежедневную рассылку.

Укажите адрес электронной почты

Подписаться
0 комментариев
Показать все комментарии (еще -2)